Беларусьте жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды
Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қадағалау органының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Беларусьтен Жамбыл облысының аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті азаматты экстрадициялады.
"Аталған азамат қылмыстық жазалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды", – деді Бас прокуратура.
Қазақстан заңнамасы бойынша жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген