Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь футболшысы саяси себептермен Қазақстанға келуден бас тартты

Илья Шкурин - футболшыФото: LightRocket via Getty Images

Варшава "Легиясының" шабуылшысы Илья Шкурин Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбеге" қарсы қарымта ойынға қатысу үшін Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Поляк журналисі Кшиштоф Марчиняктің мәлімдеуінше, футболшының Қазақстанға келмеуіне саяси көзқарасы себеп болып отыр.

"Футболшы өзі сынап отырған беларусь режимі қазақстандық қызметтермен бірлесе отырып, оған зиян тигізуі мүмкін деп күдіктеніп отыр", – деп жазды Кшиштоф Марчиняк Х әлеуметтік желісінде.

Матч 17 шілдеде Ақтөбеде өтеді. Бірінші кездесуде "Легия" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шкуриннің команда құрамында болмауы күтпеген жағдай болды. Өйткені футболшы поляк клубының негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Илья Шкурин – мәскеулік ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы, ол Киевтің "Динамо", Израильдің "Маккаби" (Петах Тиква), Польшаның "Ракув" және "Сталь", сондай-ақ Беларусьтің "Витебск" және "Энергетик-БГУ" клубтарында ойнаған. 2024 жылдың ақпанында ол "Легияға" ауысып, клуб тарихындағы ең қымбат шабуылшы атанды.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 12:31
Талқылау