Беларусь COVID-19-ға қарсы өз вакцинасын жасады
Беларусь COVID-19-қа қарсы өз вакцинасын жасады. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кеше біз вакцинаны пробиркаға алдық - беларуссиялық вакцина. Біз бүгін сатып алып жатқаннан өзгеше. Дәрігерлердің айтуынша, тірі вакцина", - деді Беларусь басшысы.
Лукашенконың сөзіне қарағанда, көп адам Беларусь елінің өз вакцинасын шығару ниетін сынға алып, бұл бастаманы жүзеге асырудың қиындығына назар аударды.
Президент қазіргі вакциналар болашақта вирустың жаңа мутацияларына қарсы көмектеседі деген кепілдік жоқтығына назар аударды.
"Бізде бүгін жұмыс істейтін вакциналар бар. Ресейлік технологиялар бойынша қытайлықтар сатып алды. Ал ертең пробиркаға енген вакцинамызды бізде болатын штамға бейімдейміз. Өмірдің қалай өзгеретінін кім білсін", - деді Лукашенко.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады