Бекболат Тілеуханов өзі қалағанынан да көбірек жетістікке жетуінің құпиясын ашты
Бекболат Тілеуханов жетістік туралы пікірін бөлісіп, жастарды әрдайым қамшылап отыруға кеңес берді. Мұнымен қатар, ол өзін өмірдегі табысты адамдар қатарына қосатынын айтты. Себебі, өзі қалағанынан да көбірек жетістікке жеткен екен.
Фото: Бекболат Тілеуханның жеке архивінен
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
– Жетістік деп не нәрсені айтуға болады?
– Әр адам үшін жетістік әртүрлі. Біреудің жетістік деп мақтан тұтып жүрген нәрсесі, екінші бір адам үшін түкке тұрмайтын дүние болып есептелуі мүмкін. Сол себепті, оны әр адамның жеке субьективті көзқарасына байланысты дүние деп ойлаймын. Бастысы – алдыңа қойған арман-мақсаттарыңа жету. Бірақ, ол таусылмайды.
Байлық пен лауазымды бақыт деп ойлайтын адамдар бар. Кей адам жан тыныштығын аңсайды. Жүрегің тыныштық тапқан жерге жету – сенің жетістігің. Бірақ, мақсатына жеткен адамның соны қанағат тұтқанын көрмедім. Бұл адам баласының табиғаты шығар?!
– Қазіргі таңға дейін қандай жетістікке жеттім деп ойлайсыз?
– Мен ойлағанымнан әлдеқайда жоғары жетістіктерге жеттім. Ауылда өскен баламын. Біз үшін Совхоздың директоры болу бақыт болып көрінетін. Райкомның бірінші хатшысынан жоғары лауазым жоқ болып көрінетін. Діттеген мүдделерімнен асып, көп нәрсеге қол жеткіздім. Өмірде Алла сәтін салып, жолым болған адаммын.
– Жастарды жетістікке жетелеу үшін не істеуіміз керек?
– Оларды қамшылап отыруымыз керек. “Балық ұстап берме, қолына қармақ бер” деп айтылған жақсы сөз бар. Мағжан айтпақшы, әрдайым жастарға сенуіміз керек.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жұлдыздар марқұм Шалқар Үркімбаевтың науқас ұлына ақша жинауға шақырды
Алматылық рэпер әже: Маған Тимати мен Егор Крид ұнайды
Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алып сатқындық жасаған досы туралы айтты