Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық рэпер әже: Маған Тимати мен Егор Крид ұнайды

Ерекше рэп айту өнерімен қазақстандық және әлемдік БАҚ-ты дүр сілкінткен 78 жастағы Мариям Амраева танымалдылықтың оған қатты ұнап қалғанын айтты.

2719264

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

“Немерем ұсыныс жасағанда басында ойланып, артынан келістім. Зейнетке шығамын дегенше ауылда жұмыс істедім. Ал қазір немерелеріме қарап отырмын. Ал былай анда-санда жұртпен бірге ән айтқанымыз болмаса, шығармашылықпен айналысып көрмеген едім”, – дейді ол.

Қазір танымалдылыққа үйренген әжей тіпті онлайн-трансляция арқылы оқырмандарымен де тілдеседі. Өмірге құштар жан салауатты өмір салтын ұстанып, әлеуметтік желіні де жиі пайдаланады екен.

2717802

“Рэп оқыған өлең айтқанға қарағанда оңай. Мен өзім солай түсінемін. Әр сөзді жеткізе білуге тырысамын. Әсіресе, жастар арасындағы жаргондарды көп қосқан дұрыс”, – дейді ол.

Ал рэперлерден оған Тимати мен Егор Крид ұнайды екен.

Оқи отырыңыз:

Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алып сатқындық жасаған досы туралы айтты

Ерке Есмахан ұлын шемішке жарнамасына түсірді (фото)

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау