Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовқа келіншегімен бірге дуэт орындауға кеңес берді.

19051917_139575216601083_8603169722701185024_n

Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желі қолданушылары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің домбырамен ән салғанына қарап, талантына тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр. Көпшілік дәстүрлі әншінің жұбайының өнерге жақын екенін білмеген-ді.

Отандық бағдарламалардың біріне арнап әнші мен келіншегі “Жалғыз аққу” әнін домбырамен орындаған болатын. Сөз арасында Фарида Айниязова жолдасымен мүлдем ренжіспейтінін, оны “сұлтаным” деп атайтынын айтқан-ды. Тыңдармандардың арасында видеоны жалғасын сұрағандар да болды.

“Даусы қандай тамаша еді”, “Өмірқұл аға, сіз керемет әншісіз. Неге жұбайыңызбен бірге дуэт айтпай жүрсіз?”, “Екеуіңіз бір-бірлеріңізге сондай жарасып тұрсыздар”, “Ағам-ау, қанша жерден мықты әнші болсаңыз да, жеңгеме ілесе алмай қалдыңыз ғой”, “Өмірқұл аға, енді сіз үйде отырыңыз. Жеңгем шықсын гәстрөлдік сапарға” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын

Қайрат Нұртас: Магистр атанғалы өзімді жақсы сезініп жүрмін

Талқылау