Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын

Отандық бағдарламалардың бірінде Қайрат Нұртас соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші “Қалыңдық” атты туындысының көрермендерге қашан жол тартатынын айтты. Мұнымен қатар, бір кездері Нюшамен қалай келісімге келгенін сөз етті.

пепепеее

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

“Жақында “Қалыңдық” деп аталатын мелодрама түсірдік. Көп жылдан бері жасырып келген құпиямның ашылуына өздеріңіз куә боласыздар. Құдай қаласа, не жасырып келгенімді көресіздер. Ағымдағы жылдың күз айында көрермендерге жол тартатын болады.  Муз ТВ жобасына барып, өзімді еркін ұстап, жұлдыздармен сырласып қайттым. Алла қаласа, келесі жолы сол жерде өзім өнер көрсететін боламын. Арғы жылдары солардың бір жүлдесін алып, биіктен көрінеміз деген ойымыз бар.

Қай жерге барсам да “Нюша не болды?” деп сұрайды. Жалпы Қазақстан телеарнасын салиқалы адамдар қарайды. Нюша қыздарыңыз өте қарапайым, өзінің жұмысын сүйетін адам. Мысалы, мен онымен кездескен кезде ешқандай ақша берген жоқпын, айырбас та жасамадым. Бар болғаны, “Алматы түні” әнін бірге шырқауды ұсындым. Ол Мәскеуде жазды, мен Алматыда жаздым. Кейін екеуін біріктірдік”, – дейді Қайрат Нұртас.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Магистр атанғалы өзімді жақсы сезініп жүрмін

“Меломен” тобы махаббат туралы телехикая түсірмек

Бауыржан Исаев үлкен сахнаға жаңа туындымен оралмақ

“BN” тобы: Ninety one-ды 18 жасқа дейінгілер, ал бізді ата-әжелер де тыңдайды

Талқылау