Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Исаев үлкен сахнаға жаңа туындымен оралмақ

Араға көп жыл үзіліс салған Бауыржан Исаев тыңдармандарына қайта оралмақ. Жуырда ол әріптесі Асқар Жайлаубаевпен бірігіп “Менің қалам” атты әнге дуэт жазған екен.

10986215_338696956334317_311569387_n

Фото: instagram.com/isaev_baurzhan/

Бұл туралы “Таңшолпан бағдарламасында айтылды.

“Дуэтті достық, бауырлық сезімнің арқасында жазып отырмыз. Көпшілік соңғы әніміз тек Астана қаласына арналды деп ойлап жүр. Әрине, бас қаламызға әрдайым ән арнағымыз келеді. Оның үстіне көшіп келгеніме 3-4 жылдың жүзі болып қалды. Десе де, ақырында Қазақстанның барлық қаласына арналған, әмбебап ән жазуды жөн көрдік.

Жасыратыны жоқ, соңғы рет былтыр ән жазған болатынмын. Өзім көп бейнебаян түсірмейтін әншімін. Әнді таңдайтын кезде міндетті түрде ағаларыммен ақылдасамын. Олар – Асқар Жайлаубаев, Арман және Асқар Дүйсеновтер, Шымкент қаласында туған бауырымдай болып кеткен Мақсат Айтжанов деген досым бар. Қанша ән жаздырсам да, шығармашылығымдағы “Аяулым” атты туындымның орны бөлек”, – дейді Бауыржан Исаев.


Жіберіп алмаңыз:

“BN” тобы: Ninety one-ды 18 жасқа дейінгілер, ал бізді ата-әжелер де тыңдайды

Өмірқұл Айниязов үш бірдей үйі барын айтып мақтанды (фото)

Сәкен Майғазиев: Студент кезімде барлық әнді жұбайыма ғана арнайтынмын

Әбдірайымов не себепті қызына әннің атын бергенін түсіндірді

Талқылау