Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдірайымов не себепті қызына әннің атын бергенін түсіндірді

Әншілердің арасында сәбилеріне ән арнау немесе өздері орындап жүрген әннің атын сәбилеріне қою сәнге айналған. Олардың қатарында “Айқаракөз” деп ән салған Бағлан Әбдірайымов та бар. Ол осы есімнің өмірінде маңызды рөл атқаратынын айтып жатыр.

19764668_351369268613544_3477313910636281856_n

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында бағдарламасында айтылды.

“Әннің мәтініне қарап керемет сұлу қызды бейнелегенін байқауға болады. Соған байланысты қызымның есімін Айқаракөз деп қойдық. Алла амандық пен өмір беріп бой жетіп жатса, қызымның өз есімінің әкесінің орындауындағы халық әнімен тікелей байланысты екенін біліп жүргенін қалаймын. Төреғалидің “Мәдина” атты ән орындап жүргенін білемін. Бірақ, қыз атымен аталған кез келген ән мен үшін Айқаракөзге жетпейді”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Осыдан кейін Айқаракөздердің көбейгені рас. Мысалы, Мархаба Сәби де қызына осы есімді берген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы орыс тіліндегі кітабының тез сатылғанын айтып мақтанды

Бағлан Әбдірайымов тойды 1 млн теңгеге жүргізетінін айтып мақтанды

Тыңдарманы Дұғаловаға бала күнгі суретін жіберіп таңқалдырды (фото)

Қайрат Нұртастың тойдағы биі желідегілерді шулатты (видео)

Талқылау