Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов тойды 1 млн теңгеге жүргізетінін айтып мақтанды

Жуырда Бағлан Әбдірайымов той орталығын ашқан болатын. Әнші аталған орталықта өнер көрсетіп қана қоймай, асабалық қызмет те атқарады. Осы орайда ол қаламақысы туралы айтып өтті.

17268075_1950003145234299_5644163497454469120_n

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында бағдарламасында айтылды.

“Басқа асабалардың қаламақыларын білемін. Бірақ, мен шамамен 1 миллион теңге көлеміндегі бағаны ұсынып жатырмын. Келісіп жатқан адамдар бар”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің сөздерін той ұйымдастырушысы Руслан Ысқақов мырза да қоштады. Расымен де, екінші тойдан бастап пайда көре бастаған екен. “Екінші, үшінші тойлардан бастап пайда көріп жатырмыз. Тапсырыстарымыз аз емес. Олардың қатарында екі тілді, қазақы тойлар, элиталық деңгейдегі тойлар бар. Жаңа сценариймен, жаңа бағытта қызмет атқарып жатырмыз”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдарманы Дұғаловаға бала күнгі суретін жіберіп таңқалдырды (фото)

Қайрат Нұртастың тойдағы биі желідегілерді шулатты (видео)

Абысыны Гүлзира Айдарбекованың өмірде қандай адам екенін айтып берді

Димаш құпиясын ашып, тыңдармандарына рэп әзірлеп жатқанын айтты

Талқылау