Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш құпиясын ашып, тыңдармандарына рэп әзірлеп жатқанын айтты

Димаш Құдайбергенов отандық бағдарламалардың біріне қатысып, алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Әнші тыңдармандарына рэп әзірлеп жатыр екен.

19535020_107946109838991_4897109208249401344_n

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

“I am singer” жобасының басталғанына жарты жылдай уақыт болып қалыпты. Одан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиынға соғады. Өйткені, әрбір тур, әрбір концерт өмірімде ерекше орын алып жатты. Қатты дайындалғанымды, қобалжығанымды жасырмаймын. Күллі қазақтың атынан шығу оңай жұмыс емес-ті. Оның үстіне шетелдік тыңдармандардың да көңілінен шығуға тырыстым. Әрбір әншінің бақыты – осындай жанкүйерлері. Мені қолдап, демеп жүргендеріңізге, ыстық пейілдеріңізге шексіз алғыс білдіргім келеді”, – дейді Димаш Құдайбергенов.

Аталған бағдарламаның Айдана есімді қонағы Димаштан әжесіне арнап өлең айтып беруді сұрады. Әнші өз кезегінде әйгілі “Туған күніңменен” әнін орындап, бойжеткенді қуантты. Алайда әншінің бұл әніне қанағаттанбаған тыңдарманы одан рэп орындап беруді сұрады.

“Рэпті негізі тосын сый ретінде дайындап жатырмын. Алдағы уақытта рэп оқып жатсам таңқалмаңыздар! Дайын жүріңіздер!” – дейді Димаш Құдайбергенов.


Жіберіп алмаңыз:

“Түнгі студия” бағдарламасында америкалық фанаттар Димашқа тосынсый жасады

Есентаевтың қарындасы: Бақытбек 22 жыл бойы Баянның ата-анасын бақты

Димаш елбасын туған күнімен ерекше құттықтады

Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Талқылау