Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Сейсенбі, 11 Шілде , 2017 10:56

Күні кеше желі қолданушылары ресейлік тілшімен еркін сөйлесе алмаған Қайрат Нұртасты сынап тастаған болатын. Алайда әншінің өзі орыс тілін жетік меңгергенін айтып ақталды.

18299862_122664241623121_6848482429015949312_n

Бұл туралы “Түнгі студия бағдарламасында айтылды.

“Мені көбісі орысша сөйлей алмайды деп ойлайды. 27 жыл бойы Алматы қаласында тұрғанмын. Бірақ, отбасым мен достарым қарапайым болғандықтан, үйде тек қазақша сөйлеп өстік. Десе де, орыс тілінде еркін сөйлей аламын”, – дейді әнші.

Мұнымен қатар, Қайрат Нұртас “Арман” әнін 10 рет орындауға мәжбүр болған жеке шығармашылық кеші туралы айтып берді.

“Алғаш рет Қызылорда қаласында жеке шығармашылық кеш өткізген болатынмын. Жанар есімді әйел адам қоңырау шалып, Спорт кешенінде менің шығармашылық кешімді өткізгілері келетіндерін айтты. “Ұшаққа билет алып береміз және 600 доллар қаламақы ұсынамыз” деді. Сол сәтте жүрегім тоқтап қала жаздады. Оның үстіне өзім қарапайым дәмханада музыкашы болып жұмыс істеп жүрген болатынмын. Анашым да менің айтқандарыма көпке дейін сене алмай жүрді. Ақыры Қызылорда қаласындағы кешімде “Арман” әнін 10 рет айтып, 14 әнмен жеке шығармашылық кешімді өткіздім. Мені ең бірінші қолдап, көтерген Қызылорда облысы болатын”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын

Қайрат Нұртас: Магистр атанғалы өзімді жақсы сезініп жүрмін

“Меломен” тобы махаббат туралы телехикая түсірмек

Бауыржан Исаев үлкен сахнаға жаңа туындымен оралмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар