Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зымыранның бөлшегі Жезқазған түбіне құлап, бір адам көз жұмды

Жезқазған түбінде қураған шөп тұтанып, өрт шықты: оған “Байқоңырдан” ұшырылған “Союз-2.1а” зымыранының бөлшегінің құлауы себеп болған.

1049316

Фото: Алексей Филлипов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қураған шөптің тұтануы туралы хабар Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне 14 маусым күні сағат 18.04-те түскен. Өрт Талап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде шыққан. Өрт 14 маусым күні күндіз “Прогресс МС-06” көліктік жүк кемесімен бірге “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшырылған “Союз-2.1а” зымыранынан бөлінетін бөлшектердің құлауынан туындаған.

Кейінірек Талап ауылы тұрғыны хабарлағандай, Жезқазған-Қызылорда тас жолы аумағында, Жезқазғаннан 40 шақырым қашықтықта дала өртенген. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің кезекші күштері мен құралдары жіберілді. Талап ауылынан 16 шақырымдай жерде, тас жолдың оңтүстік бағытына қарай өрт шығып, он бес шақырымға дейін созылған, жол бойын қалың түтін басқан. Өртену аумағы әлі анықталған жоқ.

“Өрт салдарынан 1964 жылы туған ер адам қаза тапты, 1968 жылы туған азамат ауруханаға жатқызылды, олар зымыраннан бөлінетін бөлшектерді жинап жүрген жұмысшылар. Өртті сөндіруге 61 адам мен 22 техника жұмылдырылды”, — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Өрт 03.31-де сөндірілген. Ведомство мессенджерлерде таратылған улы бөлшектер туралы ақпаратты жоққа шығарды, зымыранның құлаған бөліктерінің құрамында гептил жоқ екен.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды

Қостанайда автобус жүргізушісі жүкті әйелді есікпен қысып тастаған

Алматыда әйел адамның бөтен баланы аямай ұрып жатқан сәті жарияланды (видео)

Астана тай бокс бапкері жанып жатқан үйден балалы әйелді құтқарып шықты (видео)

Талқылау