Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байың әкім болса, бәрі жаныңда жүреді": Мақпал Жүнісова достыққа қатысты өз ойын бөлісті

Танымал әнші Мақпал Жүнісова жақын достарының жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі марқұм жолдасын да әңгімеге қосты. 

"Жылдар өте достардың қатары сирейді екен. Оның сырын кейде түсінемін, кейде түсінбей қаламын. Басыңа күн туғанда достар қашып кетеді екен де, қасыңда әкім байың болса, барлығы жетіп келеді екен. Оны да түсіндім. Сондықтан қиындықта да, қуанышта да достарыңыз адал болып, жандарыңыздан табылсын", – деді ол сахнада тұрғанда. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, халық әртісіне қолдау білдіріп жатыр. 

“Кезінде Заманбек пен Назарбаев керемет дос болып еді”, “Байың деп сахнада айтқаны ерсі көрінеді екен”, “Аузы ашылса, жүрегі көрінетін жан”, “Халық шынайы болмысын жақсы көреді”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірген еді. 

Талқылау