Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байдың баласы болғанда басқаша қарайтын еді: Шымкентте емделген баланың анасы дәрігерлерге өкпелі

Бүгін Шымкент қаласында ота жасалған Альтаир анасымен Алматыға аттанды. «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-да ем алады.

2018 жылдың тамызында бала осы ауруханада стационарлы ем алды. Бірақ, анасы жағдайының жақсармағанын айтады, деп жазда желіде Акмарал Маделханова.

Кеше анасына дәрігер анықтама жазып берді. Анасы оны кейіннен оқып, көп нәрсені түсіне алмады.

Бала 2019 жылдың 24 қаңтарында гастроэнтерология бөліміне түсті. Анасының айтуынша, 23 қаңтарда баласымен жедел жәрдеммен келген. Дәрігер Анарбаев оны қарап, альбумин жоқ екенін айтты. Сондықтан ертесі кел деп нұсқау береді. Немесе басқа аурухаға баруын сұрайды. Анасы мен баласы такси жалдап, үйіне қайтады.

Анықтамада олардың 26 емес, 28 қаңтарда шығарылғаны жазылған. Бұл жемқорлық үшін жасалған ба?

Баланың жағдайы ауыр деп жазылған. Онда неге санавиациямен Алматыға жеткізбейді? Жолда бала ауырып қалса ше?

Дәрігер баланың беті ісігенін көрсеткен. Анасы баланың денесі толығымен ісіп тұрғанын айтты. Дәрігер баланың ақуызы жоқ екенін жазған. Анасы олай емес деп отыр. Дәрігер жазған көп мәліметті терістеді.

Баланың ұмасы адамның жұдырығындай болып ісіп кеткен. Түсі ақшылданып, жарылардай болып тұр. Оны дәрігер кішкентай қаріппен жазған.

Дәрігер баланың альбумин алғанын көрсетпеген.

Анасына қол қояр алдында мәтінмен толық танысып шығыңыз деп кеңес бердім. Егер Альтаирдің анықтамасына қарасақ, оның жағдайы жақсарғаны жазылған.

Мені мазалайтын мәселе, егер бұл бала бай шенеуніктің баласы болса, оған дәрігерлер қалай қарайтын еді? Оны да өз бетінше басқа қалаға жібере ме? Альбумин жоқ деп үйіне қайтара ма?

Енді баланың Алматыға аман жетуін тілейміз. Ғылыми орталық нақты диагноз қойып, емделуіне көмектеседі деп ойлаймын. Бүгінде баланың туыстары 100 мың теңге жинап берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Қаңтар, 2019 11:07
Талқылау