AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Зеленскийдің соғыс туралы ескертулерін "тыңдағысы келмегенін" мәлімдеді: Ал Киев Батыс елдерін кінәлады

АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленский әлемнің көптеген басқа мемлекет қайраткерлері сияқты Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы ескертулерін байыпты қабылдамағанын айтты. Бұған жауап ретінде Украина билігінің өкілдері Киев соғысқа дайын екенін, ал батыс елдері Ресей агрессиясының алдын ала алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Лос-Анджелестегі Демократиялық партияның демеушілерімен кездесу кезінде Байден Ресейдің Украинаға қарсы жедел агрессиясы туралы мәлімдемелерін көптеген адамдар шынайы қабылдағысы келмегенін айтты.

"Мен олардың неге бұл туралы естігілері келмейтінін түсінемін", - деді Байден.

Алайда ол: "Мен білемін көптеген адамдар мені асыра сілтеп жіберген шығар деп ойлады. Бірақ мен бұл туралы нақты білдім және бізде Путиннің шекарадан өтетінін растайтын барлық мәліметтер болды. Бұған күмән болған жоқ. Зеленский басқалар сияқты мұны тыңдағысы келмеді".

Сонымен қатар Байден Путинді "тек ұлтты ғана емес, Украинаның мәдениетін де жоюға тырысады" деп айыптады және Ресей президенті Киевті "Ресейдің иелігі" деп санайтынын айтты. 

Батыс барлау органдарының өкілдері Ресей әскерінің Украина шекарасында шоғырлануы туралы 2021 жылдың күзінен бастап хабарлай бастады. Содан кейін олардың агрессия мүмкіндігі туралы ескертулері де айқындала бастады. Қаңтар айының соңында Байден Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, оқиғалардың дамуы өте нақты болып жатқанын бірнеше рет ашық айтты.

Содан кейін Зеленский дүрбелеңге салынбауға шақырып, Киевтің "әртүрлі сценарийлерге байыпты дайындалып жатқанын" атап өтті.

28 қаңтарда ол шетелдік журналистермен кездесуде: "Бүгін біз бұрынғыдан гөрі шиеленістің күшейе түскенін көріп тұрған жоқпыз. Иә, әскерилердің саны артты. Бірақ мен бұл туралы 2021 жылдың басында, Ресей Федерациясының әскери жаттығулары екенін айттым. Қазір жағдай сол кезде жағдайдан да шиеленісіп кетті деп санамаймын. Бізге бұл дүрбелең қажет емес. Біз мемлекетіміздің экономикасын тұрақтандыруымыз керек", - деді Украина президенті.



Киев Байденге не деп жауап берді

Зеленский соғыс туралы Байденнің ескертулеріне құлақ аспағаны туралы мәлімдемесіне Украинаның бірнеше шенеунігі жауап берді.

“Естігісі келмеді” деген сөз нақтылауды қажет етуі мүмкін. Егер есіңізде болса, Украина президенті серіктестерін Ресей әскерлерін шығармау үшін және жағдайдың одан әрі ушығып кетпеуінің алдын алу үшін санкциялар пакетін енгізуге шақырған. Бұл жерде біздің серіктестеріміз "бізді тыңдағысы келмеді" деп айтуға болады”, - деді Зеленскийдің өкілі Сергей Никифоров.

Соғыс басталғанға дейін, яғни оның басталуына бірнеше ай қалғанда, Зеленский Батысты Ресейге қарсы санкциялар енгізуге және әскерлерін Украина шекарасынан шығаруды талап етуге бірнеше рет шақырды. Алайда, Батыс елдері шапқыншылық басталған жағдайда қабылдауға болатын шараларды ,ғана талқылады.

Никифоровтан кейін Байденге Украина Президенті Кеңсесі Басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк жауап қайтарды.

"Егер [Украина] соғысқа "дайындалмаса", неге алғашқы соққылар макеттерге түсті, неге барлық оқ-дәрілер таратылды, ал қаңтар мен ақпан оқу-жаттығуларда өтті? Украина өткен жылдан бастап соғысқа дайындалды: алдағы шабуыл туралы ақпаратты тек батыстық барлау ғана емес, біздікілер де берді", - деп жазды ол өзінің Твиттерінде.

“Ресейдің басып кіру көлемі қандай деп болжанды?”, - деген сұраққа Подоляк Liga.net. порталына берген түсініктемесінде былай деп айтты:

Шенеуніктің айтуынша, Украинаның бүкіл аумағына шабуыл жасалатыны туралы болжау мүмкін емес еді.

"Менің ойымша, егер негізгі елдер Ресей Федерациясының милитаристік тәбетін алдын-ала тоқтата алмаса, бұндай қарсыласқа қарсы толыққанды соғыста 100 күннен астам тиімді күресіп келе жатқан елді кінәлау күлкілі болып көрінеді", - деп қорытындылады Подоляк.

Реинтеграция және жаулап алынған аумақтар министрі Ирина Верещук Батыс елдері Зеленскийге шапқыншылық басталғаннан кейін Киевтен кетуді ұсынғанын және Украина Президентінің шешімі соғыстың алғашқы кезеңдерінде шешуші рөл атқармауы мүмкін екенін еске салды.

"Біздің батыстық серіктестеріміз, әрине, Президент Зеленский Ресейдің болашақ шапқыншылығы туралы олардың ескертулерін тыңдағысы келмеді деп айтуы мүмкін. Ашық ресейлік шабуылға дейін Президенттің не істей алатындығы немесе не істеуі керек екендігі туралы көп нәрсе айтуға болады.

Бірақ, шапқыншылық басталғаннан кейін біздің президент өзінің қауіпсіздігіне төнетін елеулі қауіп-қатерлерге қарамастан, астананы тастамады. Шынымды айтсам, ол біздің батыстық серіктестеріміздің ұсыныстарын тыңдамады. Бұл уақыт өте келе біз бағалай алатын үлкен өзгеріс болды", - деп жазды Верещук өзінің телеграм-каналында.

АҚШ Украинаға әлемнің барлық елдерінен қарағанда ең көп көмек көрсетті. Американдық конгресс Киевке қару-жарақ пен басқа да қажеттерін сатып алу үшін 40 миллиард доллар бөлді.

Сонымен қатар, Байден әкімшілігі Украинаға алыс қашықтықтағы гаубицалар мен заманауи реактивті зымыран жүйелерін жібермек. Олардың көмегімен Украина билігі Ресей армиясының артиллериядағы артықшылығын жеңуге үміттенәп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр