Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың жаңа президенті әрбір тұрғынға 1,4 мың доллар бермек

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден америкалықтардың әрқайсысына 1,4 мың доллар төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдегі барлық салық төлеушілер төлемді ала алады.

Конгресте бекітілген 600 долларлық чекпен бірге салық төлеушілерге тікелей төлемдер желтоқсан-қаңтар айларында бір адамға 2000 долларға, ал пандемия басталғаннан бері 3200 долларға жетті.

Айта кетерлігі, Байденнің бұл ұсынысы да Конгрессте мақұлдануы керек.

Еске салайық, былтырғы қараша айында АҚШ-тағы президенттік сайлауда Демократиялық партиясының атынан шыққан Джо Байден жеңіске жетті. 

Ал 2021 жылы қаңтарда АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын мақұлдады.

STAN.KZ
Жұма, 15 Қаңтар, 2021 13:28
Талқылау