Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Танымал продюсер Баян Алагөзова үшін биылғы жылдың көптеген өзгеріске толы болғаны анық. Продюсер түрлі жетістікке жетті, сүйген азаматымен тұрмыс құрып, көптен бері армандаған телехикаясын да түсірді. Десе де Алагөзованың сүрінген тұсы да аз емес. Ол туралы продюсердің өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы үшін биылғы жыл түрлі өзгеріске, жетістікке толы болды. Десе де ол өмірдің сәтсіздіктерінен сабақ алып, өзіндік түйін шығарып та қойған екен. Продюсердің айтуынша, ол адамдардан тек мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпейді.

«Міне, тағы бір жыл аяқталды… Қорытынды жасағым келмейді. Тек берген сабағы, сәтсіздіктері, реніштері, мұңайтқан және қуантқан сәттері, жеңістері мен жеңілістері үшін алғыс айтамын. Өкінішке орай, қиындықтың бәрін өткен жылдың еншісіне қалдырып, бәрі жақсы сияқты өмір сүру мүмкін емес. Мен әлдеқашан ондайды қойғанмын және адамдардан тек мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін. Адамдарды сол қалпында қабылдауды үйрендім. Сонымен қатар, бүгінмен өмір сүру керек екенін түсіндім. Себебі ертеңгі күні өзіңді не күтіп тұрғанын білмейсің. Жақсылыққа сеніп, болып жатқан жағдайларды түсінуді үйрендім.

Мен өзімді басқа қырымнан танығым келеді. Себебі шығармашылықпен тек өзіңе рахат сыйлау үшін айналысу керектігін баяғыда-ақ түсіндім. Қошемет күтпеймін, себебі оның керісінше жағында адамдардың қызғанышы, ашу-ызасы бар. Бүгінде адамды жерге таптап, есімі мен атқарған істерін санадан өшірудің еш қиындығы жоқ.

Мен армандауды қойдым. Армандардың орындалуы тек өзіңе байланысты. Қол жеткізгің келсе, тұрып, арманың үшін жұмыс істеу қажет. Менің бір танысым айтқандай, келесі жыл – бұл жай ғана келесі күн. Күн бәрібір шығады. Сенімен де, сенсіз де шуағын шашады», – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары Баян Алагөзованың мықтылығын айтып, алдағы жылдың табысты болуын тілеп жатты.

Оқи отырыңыз:

Неге тарихи фильмді Баянға сеніп тапсырдыңыз: Белгілі журналист «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын сынап тастады

Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Баян Мақсатқызының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы эфирден көрсетілмейтін болды

Меруерт Түсіпбаева Баян Есентаева түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынап тастады

Төреғалиді кешіргем: Асхат Садырбай әншімен болған дау жайлы шындықты жайып салды

Талқылау