Баян Мақсатқызы: Бұрынғы күйеуіме ешуақытта дауыс көтерген емеспін
Баян Мақсатқызы отандық арналардың біріне берген сұхбатында бұрынғы күйеуімен қарым-қатынастарының қандай болғанын ашып айтты. Продюсердің сөзіне сенсек, екеуі ешуақытта бір-біріне дауыс көтермеген екен.
Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен” сұхбат бағдарламасында айтылды.
“Менің бұрынғы күйеуімнің физикалық күш-қуаты ғана емес, рухы мықты болатын. Әсіресе, ішіндегі ер адамға тән менмендігі жоғары болатын. Меніңше, тым жоғары. Осының арқасында оның жанында басқа жігіттер бала сияқты көрінетін. Оның бойынан 100% нағыз ер азаматқа лайық қасиеттерді көрдім. Дәл қазір барлығын ашып айта салғым келіп тұрған жоқ. Әркім кітаптан оқып ала жатар. Бір шетінен, менің ол уақытта небәрі 20 жаста болғанымды ұмытпайық. Мен жатар алдында тек “Ертең қандай көйлек киемін?” деп қана ойланатынмын. Себебі, бар жұмысым институтқа бару болатын. Менде басқа құрдастарымдағыдай айтарлықтай қиындық болмады. Көбісі қалаға келгеннен кейін қиналып жүретін. Материалдық жағдай мәселесіне қатысты айтып жатырмын. Оның үстіне ата-анам керемет жандар болатын. Расымен де, осы кітапта жазылған адамдар бір кездері менің өмірімде болды.
Күйеуім туралы ролик Youtube желісіне шыққан соң, “Жарайсың! Сен енді жұлдыз болдың” дедім. Ол уақытта небәрі 10 адам ғана көріп үлгерген екен. Бірақ, мұның тек уақыттың еншісіндегі дүние екенін жақсы түсіндім. Ол болса, “Төбелескенде тұрған не бар? Мен ер адам емеспін бе?!” деп жауап қайырды. Мен ашуланып “Сен менің күйеуімсің. Күйеуім болмаған жағдайда бұл роликке алаңдамайтын едім” дедім… Үш күннен кейін әлгі роликті барлығы көріп шықты. Мен өмір бойы күйеуіммен жанжалдасып өтті екен деп ойламаңыздар. Мен оған ешуақытта дауыс көтеріп сөйлеген емеспін. Ол да маған дауыс көтермеген. Екеуіміздің арамызда бір-бірімізді сыйламау, кекетіп-мұқату деген сынды нәрселер болмаған. Біздің бейбіт өмір сүргеніміз соншалық, болған оқиғадан кейін әке-шешем оның маған жасағандарын естіп қатты таңқалды”, – дейді Баян Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас өнердегі сүйікті ағасымен көптен күткен бейнебаян түсірді
Мейрамбек Беспаев: Құдай сақтасын, біреуді жамандаудан аулақпын
Мейрамбек Беспаев комедия жанрындағы мюзикл әзірлеп жатыр
Ерғали Әбдіраймов Мырзахан сыйлаған VIP номерін көрсетіп, бағасын айтып мақтанды (фото)