Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерғали Әбдіраймов Мырзахан сыйлаған VIP номерін көрсетіп, бағасын айтып мақтанды (фото)

«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдіраймов  қымбат көлігіне қымбат номер сыйлаған Мырзаханға рақыметін айтып, мақтанып мініп жүр. Тіпті продюсер көлігімен жүрген кезде жұрт өзіне таңдана, қызыға қарайтынын да мақтан тұтады.

вос

Бұл туралы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды.

Оның бастық екенін мына номерінен-ақ аңғаруға болады екен.

«Жігіттер маған «Босымызсыз» деп айтады. Мұндай номерді көліктің маркасымен сәйкестендіріп Мырзахан сыйлады. Бағасы ары кетсе 500 мың теңгеден асатын шығар»,-дейді продюсер Ерғали Әбдіраймов.

ерғалибос

Мырзахан  бастығына бұл номерді туған күнінде сыйлапты. Ал, продюсер болса осы номерді көлігіне таққалы, өзін шынымен жақсы сезінетінін жасырмайды.

«Қайжерде жүрсең де көзге түседі. Номері жақсы, құдайға шүкір. Өтіп баражатсам да, бір жерге кіріп бара жатсам да жұрт қарап қалады»,-дейді Ерғали Әбдіраймов.

Оқи отырыңыз:

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)

Криштиану Роналду өзінің екі баласының өмірге келгенін жариялады

Ираннан Мессидің егізі табылды (фото)

Мұсылман қызды шошқа етімен ұрған британдық азамат түрмеге қамалды

Талқылау