Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ираннан Мессидің егізі табылды (фото)

Тегеран қаласының тұрғыны 29 жастағы Риза Перестес футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Мессиден аумайды.

1023649175

Бұл туралы Mirror басылымы хабарлайды.

Спортшының егізінің айтуынша, ол өзінің кумиріне ұқсау үшін ешқандай пластикалық операция жасатпаған.

1023649089

Алайда оның имиджін тұрақты түрде бақылап, соған ұқсауға тырысып бағады екен.

3967901

Перестестің сөзінше, ата-анасы мен жақындары оны Месси деп атап кеткен.

3967852

Ал көшедегі адамдар болса оны танымал футболшыға аумайтындығы себепті жиі-жиі суретке түсуге шақырып, тіпті қолтаңба да алады екен.

3967803

Ол қалалықтарды таңғалдыру үшін Аргентина құрамасының немесе “Барселонаның” жейдесін киіп жүреді.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»

Давид Вильяның ғажайып голы хитке айналды (видео)

Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды

Талқылау