Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев комедия жанрында мюзикл әзірлеп жатыр

Мейрамбек Беспаев бұл жолы халыққа басқа қырынан танылмақ. Ол комедия жанрындағы мюзикл әзірлеп жатыр. Айтуынша, аталған туынды биыл күзде көрермендерге жол тартпақ.

18252491_1199384990187554_1103558642315034624_n

Бұл туралы “Жұлдыз” арнасына берген сұхбатында айтты.

Биыл Музарт тобы Астана қаласында ЭКСПО аясында тағы да ән кештерін өткізбек. Бірақ, биылғы кеш бұрынғысынан әлдеқайда ерекше өтпек. Себебі, концертте өздері жеке әндерін орындап, ізбасарларын халыққа таныстырады.

“Биыл тағы да концерт беру ойымызда болмаған еді. Өткен жылы 15 жылдық мерей тойымызды атап өтіп, концерт бергенбіз. Халық сұрап отырғандықтан қайта концерт беруге келісіп отырмыз. Бұл жолы жеке әндерімізді көбірек орындайтын боламыз. Мұнымен қатар, біз ұйымдастырған жобада 4 бала жеңіп шыққан болатын. Сол балаларды кеңінен халыққа таныстырмақпыз. Үкілеп өнер әлеміне қосқан соң, сол жігіттердің көбірек танылғандарын қалаймыз. Яғни концертіміздің басты қонақтары солар болады.

Соңғы кезде жазып жүрген әндерімізді, расымен, айтпай кеттік. Оларды гәстрөлдік сапарларда ғана орындап жүрміз. Мұнымен қатар, жұрт мүлдем естімеген 4-5 әніміз бар. Солардың тұсауын кесеміз. Әрине, қоржынымыздағы “Жайлаукөл кештері”, “Сағындым Алматымды”, “Үшқоңыр” сынды әндерді айтпай кете алмаймыз. Ескі әндерді есті әндер деп бөліс тастауға болмайды. Концертіміздің мәні де, сәні де сол әндер”, – дейді Мейрамбек Беспаев.

Біраз уақыт бұрын әнші ерекше мюзикл әзірлеп жатқанын айтқан болатын. Аталған туынды дайындалып жатыр екен. Көрермендерге биыл күз айларында жол тартуы мүмкін.

“Мюзиклді арнайы мамандарға тапсырдым. Әзірге жазып жатыр. Бірақ, не дүние шығатынын білмеймін. Жалпы күзде дайын болатын шығар деген ойдамын. Ойымыздан шығып жатса, халыққа міндетті түрде ұсынамын. Елдің көңілін көтеретін комедия жанрына жақындау болады”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Ерғали Әбдіраймов Мырзахан сыйлаған VIP номерін көрсетіп, бағасын айтып мақтанды (фото)

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)

Криштиану Роналду өзінің екі баласының өмірге келгенін жариялады

Ираннан Мессидің егізі табылды (фото)

Талқылау