Оқиға кезінде Баян Есентаеваның күйеуі мас болған
Продюсер Есентаеваның күйеуі арада түсініспеушілік орнаған кезде мас болғаны анықталды.
Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Куәгерлердің бірі Баян Есентаева мен күйеуінің жанармай бекетінде ұрысып жатқандарын айтқан. Артынша екі көлік кетіп қалған соң жедел жәрдем келген. Бірақ бұл уақытта оқиға орнында ешкім болмаған.
“Олар өздерінің көлігімен алып келді және күйеуі қасында болды. Оны ауруханадан кейін полиция куәлік ету үшін алып кетті. Орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Талғар ауданы ІІБ бөліміне жеткізіліп, уақытша изоляторға қамалды”, – дейді Асқан Шайхин.
Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі 13 маусым күні шығарылмақ.
Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева маусымның 10-ы күні сағат 12:55 шамасында Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алып, мұрны сынып, кеуде тұсынан пышақталған. Оған ота жасалып, дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әлі де жағдайының ауыр екенін айтады. Ал күдікті ретінде күйеуі ұсталған.
Жіберіп алмаңыз:
Бағым Мұхиденова: Жалынып сұраймын барлығын доғарыңыздаршы
Баян Есентаева Грузияның Тбилиси қаласында демалып жүр (фото, видео)