Баян Есентаевамен селфи жасаған қазақстандық келіншек жылап жіберді
Бірталай уақыт шетелде жүріп қайтқан продюсер Баян Есентаева елге оралғанына небәрі он күн ғана болса да, оны анда да, мында шақыратындардың саны азаймай тұр. Жуырда ол досының кофеханасында ерекше шара ұйымдастырды. Аталған кофеханаға келгендермен селфи жасады. Арасында көзіне жас алып жылаған қыз-келіншектер де болды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
10 маусымда пышаққа ұрынған аты-шулы оқиғадан кейін Баян Есентаеваның танымалдылығы одан сайын артты. Бұрын Баян жастар арасында аса танымал болса, қазір тіпті аға буын ақсақалдардың өзі Баянның кім екенін біліп отыр. Сондықтан болар, атақты продюсермен ұйымдастырылған суретке түсу шарасына тыңдармандары аз жиналмады.
Продюсермен бірге жақыннан суретке түсіп, бір көруге келген фанаттарының көбі қыз-келіншектер. Тіпті, араларында Баянға қарап көзінің жасын сығып алғандары да табылды. Кім білсін, мүмкін өлім аузынан қалғаны есіне түсіп кетсе керек.
“Енді мұндайда қалай жыламайсың?!” – дейді келіншек. Қаншама кереғар пікірлер айтылса да, Баянның танымалдылығы мен әдемілігіне қызығатын жас жеткіншектер жетерлік. Алайда, көпшілік ойлағандай Баянмен суретке түсу тегін емес екен. Белгілі продюсер Баян Есентаевамен суретке түсу үшін алдымен 700 теңгеге кофе сатып алуың қажет. Кейін кезекке тұруың керек.
Жіберіп алмаңыз:
«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда
Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты
Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)
Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)