Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Тағдырдың алдын ала жазылып қоятынына көзім жетті

Шоу-бизнесте он жыл өнер көрсетсе де, құрамы тұрақталмаған «Кешью» тобы тағы да өзгеріске ұшырады. Осыдан былай ең танымал топ квартет болып сахнаға жарқ етіп шықпақ. “Біз лимонад шығарып жатқан жоқпыз. Біз адамдармен жұмыс істейміз” дейді ол.

TW1_5420______-______

Фото: 365info.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Он жылдың ішінде он шақты қыз ауысып үлгерген. Бірінің денсаулығы жарамаса, енді бірінің жас мөлшері, ал тағы біреулерінің тұрмысқа шығуы себеп болған. Тіпті, соңғы топтағы құрамға Баянның көңілі толмапты.

“Бізді барлығы ұрысты. Ал біз әдеттегідей жақсылыққа үміттендік және қателеспедік деп ойлаймын. Шынымды айтсам, бізде уақыт та болған жоқ. Тіпті аузыңды былай аш, былай тыныс ал деп те айтқан емеспіз. Бұл жерде мүлдем басқа қыздар тұр”, – дейді Баян Есентаева.

Расында да Баянның айтуынша, бұл топтың айтатын әндері де, әншілері де кәсіби мамандар екен. Продюсер әншілерді алыстан іздеп таппаған. Өзінің қол астындағы “Лашын” тобындағы екі бірдей әнші Сара мен Элизатты, “Лүпіл” дуэтіндегі Назымды және топтың бұрынғы мүшесі Балжан Бидашты қосып квартет жасақтап шығарды.

“Кешью 10 жыл үшінде қыздардан құралған үздік топ мәртебесін иеленіп келді. Ары қарай да осылай қала бергенін қалаймын. Оның үстіне мен 8 ай уақыт жоғалттым. Енді алға жүріп, тынымсыз жұмыс істейтін боламыз. 10 жыл ішінде бір рет болсын келісім-шартқа сай жұмыс істемейтінімізге көзім жетті. Біз бұл жерде лимонад шығарып жатқан жоқпыз. Адамдармен жұмыс істейміз. Тағдыр біз үшін алдын ала жазылып қояды”, – дейді продюсер.

Қазір квартет бар уақытын вокал мен биге арнап жатыр. Үнемі қыз-келіншектер үшін  нәзіктік пен әдеміліктің эталоны саналатын  Баянның өмірі соңғы уақытта күрт өзгерді. Көпшілік оның жеке өміріндегі шулы оқиғаларын қалт жібермеуге тырысады. Алайда, бұған Баянның еті үйренсе керек, қолын бір сілтеп, шығармашылығын мықтап қолға алуды шешіпті.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаевамен селфи жасаған қазақстандық келіншек жылап жіберді

«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Талқылау