Баян Есентаева сүйіктісінің стильді суретін көрсетті (фото)
Баян Есентаева инстаграм парақшасында сүйіктісінің стильді суретін жариялады.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше айдан бері Баян Есентаева мен Тұрсын Алагөзов өздерінің қарым-қатынастарын жасырып жүрген жоқ. Олар тіпті жуырда тойдың болатынын да айтып қалды. Мұнымен қатар, әлеуметтік желі арқылы бір-бірінің суреттерін бөлісіп жатыр.
Бұл жолы Баян Есентаева жаңа сүйіктісінің суретін көрсетті. Суреттің тұсына “Стиляга” деп жазып, жүрекше қойып қойған-ды. Продюсер Тұрсын мырзаның сынға дайын емес екенін ескерген-ді. Ол аталған суретке пікір жазуды шектеп қойған.
Бұдан өзге Баян ханым жұртты дұрыс тамақтануға шақырды. “Маған арықтаудың қажеті жоқ. Алайда кез келген адам дұрыс тамақтануды үйренуі керек деп ойлаймын. Алғаш рет Бағымның дәл осындай тамақтар жеп жүргенін байқап қалғанмын. Бұл тағамдарға күнделікті тапсырыс беріп отыруға болады екен. Оларда денсаулықты қалпына келтіріп, артық салмақтан арылуға көмектесетін түрлі бағдарлама бар. Рахмет, өте дәмді болды”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
KeshYou тобында 4 қыз өнер көрсетуі мүмкін
Нумеролог Баян Есентаеваның сәбилі болуы мүмкін екенін айтты
“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?
Танымал нумеролог Қайрат Нұртастың жеке өмірі туралы айтып берді
Айсәуле Бақытбек “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді