Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал нумеролог Қайрат Нұртастың жеке өмірі туралы айтып берді

Танымал қазақстандық нумеролог Қайрат Нұртастың болашағына болжам жасап, оның жеке өмірі туралы айтып берді. Ол Қайраттың танымал болуы оның туған күнімен тығыз байланысты екенін жеткізді. Бұдан бөлек, әншінің өте сақ әрі ақылды екенін мәлімдеді.

Kairat-060217

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Клара Күзденбаева Қайраттың сезімтал, адал әрі анасына жақын екенін айтып берді. Оның айтуынша, Қайратқа өз мақсатына қол жеткізу қиынға соғады. Себебі оның туған күнінде өзін-өзі дамыту жолы көрсетілмеген.

“Соған қарамастан ол өте танымал әрі толыққанды өзін-өзі жетілдірді. Бүгінде оның жасы 27-де, ал ол өп жылдан бері танымал. Бұл дегеніңіз – оған анасы дұрыс тәрбие берген”, – дейді Клара Күзденбаева.

Нумерологтың айтуынша, Қайрат өте адал жан. Ол жалған сөйлегеннің өзінде шындық белгілі болады. Бұдан бөлек, Күзденбаева Қайраттың болашағының жарқын екенін жеткізді.

“Ол өте ақылды жігіт. Оған әркіммен бір әңгімелескен қызық емес”, – деп мәлімдеді Күзденбаева.

Нумерогтың айтуынша, Қайрат өте сақ жігіт. Сол себепті тыңдармандар оның жеке өмірінен хабарсыз екен.

“Неге оның жеке өмірі туралы ақпарат жоқ десеңіз, ол тым сақ, ода қорқыныш бар. Ол өзінің әлеміне, отбасына бөгде адамдарды кіргізгісі келмейтін жан. Ол бір жағынан дұрыс”, – деп түйіндеді сөзін Клара Күзденбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек “әкесінің тағдырына бей-жай қарайды” дегендерге жауап берді

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

Әжесі: Өнер көрсету кезінде Димашқа қалтасындағы тұз бен түйреуіш көмектесті

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

Талқылау