Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева өзіне майонез жарнамалауды ұсынғандар туралы айтып күлді

Баян Есентаева өзіне жарнамаға қатысты қандай ұсыныстардың келіп түсетінін айтты. Бір кездері продюсерге майонез бен маргаринді жарнамалау туралы ұсыныс түскен екен. Бірақ, ол бас тартқан-ды. Продюсер инстаграмдағы жарнамадан қомақты қаражат алатынын жасырмады.

17661843_198436890660029_6372294719099109376_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Меніңше, ешкім оңайлықпен шылымды немесе алкогольді сусынды жарнамаламайды. Инстаграм желісінде оқырмандарым көп болғандықтан, жарнама туралы ұсыныстар да көп түседі. Шынымды айтсам, ұсыныстар өте көп. Оның үстіне жарнама берушілер ауыз толтырып айтарлық қаражат ұсынады. Көбінесе сұлулықты сақтауға арналған шашқа, бетке, дұрыс тамақтануға арналған өнімдерді ұсынады. Маған бір кездері майонез бен маргаринді жарнамалауды ұсынған болатын. Шарттары мен ұсынған қаражаттары жақсы болса да, мен бұл ұсыныстан бас тарттым. Бірақ, іштей ойланып қалғаным рас.

«Ешқашан ешқашан деп айтпа» деген жақсы сөз бар. Меніңше, бизнестің кез келген түрі қызықты. Бастысы, оны шын көңілмен қолға алу керек. Қызым секілді тәтті нандар пісірмейтінім анық. Оның қалай әзірленетінін түсінбеймін. Сусын да шығара алмаймын. Механика, инженирия саласына қатысты нәрселерді жасай алмаймын», – дейді продюсер.

Жуырда сүйіктісі Баян Есентаеваға арнап сусын шығармақ. Әзірге құрамында қандай жемістің дәмі болатынын ойластырмаған екен. Бірақ, оның еліміздегі бірегей сусын болатынына сенімді.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтты

Аша мен Арман балаларға арналған сусын сатып жүр

Жадо: Нан зауытын ашқым келеді

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Талқылау