Баян Алагөзова “СиСиТай” мюзиклінен қанша пайда тапты
Баян Алагөзова, режиссер Джорд Лукастың жолып қуып мұражай ашып жатса таң қалмаңыз! Себебі, продюссердің «Сиситай» картинасы, отандық айналымдағы табысты фильмдер тізімінде жүр. Алғашқы мюзикл көрерменнің көнілінен қаншалықты шықты?!
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Disney туындылары әрдайым табысты! Сиқырымен таңқалдырған «Излом времени» картинасы, көктемгі алғашқы уикендте 80 млн теңгеге жуық қаржымен көш басына шықты. Қаршадай Мэг достарымен бірге, әкесін іздеуге аттанады. Таңғажайып әлемге тап болған оқушының хикаясы көрерменге ұнаған сыңайлы.
Ал Баян Алагөзованың «Сиситайы» өткен аптада қоржынын 68 млн-нан астам теңгеге толтырып, екінші сатыға жайғасты. Мюзикл жанрында таспаланған алғашқы отандық туынды үшін, бұл өте жақсы көрсеткіш.Shine Production орталығы осы төртінші толық метрлі фильмі үшін, Мәскеуден арнайы би маманын шақыртқан көрінеді.
«Сиситайды» өкшелеген ресейлік «Я худею» картинасы үздік үштікке кірді. Комедия 66 млн теңге қаржыға кенелген. Ең қызығы, фильмнің сценарийі 2 жыл ішінде 17 мәрте өзгертіліпті. Тіпті режиссер Алексей НУжный мен сценарист Николай КуликОв түсірілімге дейін 28 келіге арықтаған деседі.
Төртінші орынға табан тіреген «Ночные игры» комедиялық детективі, бұл жолы 38 млн теңгедей пайда тапқан. Картина кейіпкерлері шындыққа жанасатын түнгі ойында бақ сынаймыз деп, түрлі шытырманға тап болады.
Отандық айналымдағы соңғы аптада 33 млн теңгеге кенеліп, бестікті түйіндеген «Черная Пантера» авторалары еш өкінбейді. Себебі, Марвелдің бұл туындысы әлемдік прокатта 1 млрд доллардан астам пайда тауып, тарихта қалды.
Жіберіп алмаңыз:
Бір күнде үш концерт берген Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды
Мәдина Сәдуақасова: Күйеуімнің талабы бойынша қонаққа бармаймын, қонақ шақырмаймын
44 жастағы Баян Алагөзова жас көрінуінің құпиясымен бөлісті
Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
