Баян Алагөзованың құдасы қайтыс болды. Продюсердің қызы жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: Айсәуле Бақытбектің желідегі парақшасынан
20 маусым күні Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында қайғылы хабармен бөлісті. Оның қайын атасы Ербол Қайдаров дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марқұм әйгілі қазақстандық онколог, профессор Диляра Қайдарованың жұбайы болған. Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек Алишер Қайдаровтың жары, үш қыздың анасы. Ол қайын атасына арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялап, отбасының қайғысын бөлісті.
"Сүйікті адамымның көзіне қарап, ішкі ауырсынуын сеземін. Бірақ көмектесе алмаймын. Ондай жараға ештеңе көмектесе алмайды. Балаларыма қараймын олар өздерінің ең көңілді, ең мейірімді “дүниедегі ең жақсы досын” күтіп жүр. Олар оны іссапарға кетті деп ойлайды. Ал мен онсыз да нәзік жүректерін қалай жарақаттамай айтуға болады деп, сан түрлі нұсқаны ойланып отырмын. Осы жазбаны жазып, “Сырласу” бағдарламасының жаңа шығарылымын өңдеп, бизнесте табыстарға жетіп жатырмын. Бірақ әкем енді ешқашан мені мақтамайды. Ол менің отбасымдағы әр сұхбатымды көретін, тіпті ұсақ әріппен жазылған стористі де қалт жібермейтін жалғыз адам еді. Ол ешқашан менімен мақтанатынын жасырып көрген емес. Әке, біз де сізбен мақтанамыз. Сіз біз үшін өте үлкен тұлға болдыңыз. Сіздің балаңыз болу – үлкен мақтаныш", – деді Айсәуле Бақытбек.
Айсәуле Бақытбек өзінің жазбасында қайын атасын мәдениетті, адал әрі шынайы жан ретінде сипаттады. Ол оның отбасы үшін жасаған барлық жақсылығы үшін шексіз алғысын білдіріп, өзі үшін өте қымбат адам болғанын жеткізді.
Айсәуле отбасы мүшелерінің оның өмірден озғанын қабылдауға тырысып жатқанын, бірақ марқұмның өзі қалайтынындай, өмірді жалғастырып, бақытты болуға күш салып жатқанын атап өтті.
Желі қолданушылары Айсәулеге қолдау білдіріп, отбасына қайғыра көңіл айтты.
"Кешіру де, түсіну де мүмкін емес": Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты сұраққа жауап берді
"Тілім ащы": Баян Мақсатқызы күйеуіне жала жапқандарға ескерту жасады
Еске салайық, бұған дейін ақпан айында танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өткенін жазған едік. Қаралы хабарды продюсер Баян Мақсатқызы жеке парақшасында жеткізді. Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеді.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
