Трамп Тоқаевты жақсы адам деп сипаттады

Фото: Alex Brandon/AP/Ақорда
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы адам екенін айтып, журналистерден оған сәлемін жеткізуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп бұл туралы 7 қыркүйек күні ерлер арасындағы теннистен АҚШ ашық чемпионатының финалына бару үшін Ақ үйден шығып бара жатып айтты. Тілшілердің бірі одан Қазақстан туралы не ойлайтынын және “алдағы уақытта Қазақстанға бару жоспарында бар ма” деп сұрады.
Президент Қазақстанға баруы мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Тоқаевпен мазмұнды әңгіме өткізгенін айтты.
“Сәлем айтыңыз! Сіздің президенттеріңіз – өте жақсы адам”, – деді Трамп.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді