Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова тарихи телехикая түсірудің қиындығы туралы айтып берді

Алматыда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясының таныстырылымы өтті. Аталған телехикаяның продюсері Баян Алагөзова тарихи туынды түсірудегі, актерлерді бекіту кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы 25 желтоқсаннан бастап «QAZAQSTAN» телеарнасында көрсетіле бастайды. Телехикая Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты жөніндегі дастанға сүйене  отырып түсірілген.

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы телехикая түсіруді бұрыннан армандап жүргенмін. Біз Қазақстанда үнемі батырлар, соғыс немесе батырлық туралы фильмдер, телехикаялар түсіріп келеміз. Бұған дейін Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы телехикая түсіру орындалмас арман деп ойлам келдім. Бірақ дәл осы идеяны «QAZAQSTAN» телеарнасына ұсынғанымда, олар қолдап, жұмысты бастап кеттік», – дейді телехикая продюсері.

Оның сөзінше, 30 күнге созылған түсірілім оңайға соқпапты.

«Түсірілім кезінде ауа температурасы +4 +6 градус болып тұрды. Бұл температура 30 күн бойы айтарлықтай өзгерген жоқ. Күн суық. Қарапайым жағдайдың өзі жасалмаған. Бірақ нәтижесінде өте керемет туынды шықты. Жобаға өз ісін білетін білікті мамандар жиналған. Әрқайсымыз өз мамандығымызды сүйеміз. Телехикаяда команданың әр мүшесінің махаббаты, жанының бір бөлшегі жатыр», – дейді продюсер.

Телехикаяда басты рөлдерді «Қазақ аруы» телехикаясы арқылы танылған Гүлзада Тұрлаш пен «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев. Сомдады. Баян Алагөзованың сөзінше, актерлерді таңдау оңайға түспеген.

«Біз Баянның шындығында қандай болғанын білмейміз. Білетініміз оның батыл, әдемі болғаны. Аталған рөлге актриса таңдаған кезімізде, мінезді, ерке, ат үстінде шабуды, қылышпен айқасуды, жауынгерлік өнерді білетін, өзін күтетін қыз іздедік. Сонымен қатар оның жас болуы да маңызды еді. Бұл рөлге көп актрисаны шақырдық. Бірақ Гүлзадаға костюм кигізіп, қолына қылыш беріп, атқа отырғызған кезде, іздеген Баянымызды тапқанымызды түсіндік.

Дастан бойынша Баян 15-16 жаста болған. Мұндай жастағы кәсіби актрисаны табу қиын. Бірақ актрисаның жасы 25 жастан жоғары болғанын да қаламадым. Гүлзада телехикаяда рөл сомдап көрген. Оның қолынан келетініне еш күмәнім болған жоқ.

Ал Қозының рөліне де көптеген кәсбіи актерді шақырдық. Бірақ әрқайсына бірдеңе әлдене жетіспей тұрғандай болатын. Бірінің келбеті, бірінің бойы, бірінің мінезі ұнамады. Ал Ержан дәл осы рөл үшін жаралғандай. Ол актердің отбасында дүниеге келген. Сондықтан түсірілім кезінде қиындық болған жоқ», – дейді продюсер.

Телехикая түсірілімі Асы үстіртінде өткен. 6 бөлімнен тұратын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы толықтай қазақ тілінде көрсетіледі. Телехикаяның алғашқы бөлімі 25 желтоқсан күні «QAZAQSTAN» телеарнасында көремендер назарына ұсынылады.

Оқи отырыңыз:

Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын

Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Талқылау