Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Мен соңғы рет қашан ұрысқанымды ұмытып қалдым

Продюсер, актриса Баян Алагөзова көпке ой саларлық жазба жариялады. Ол көпшілікті барлық жағдайды сабырмен шешуге кеңес берді. 

Баян Алагөзова: Мен соңғы рет қашан ұрысқанымды ұмытып қалдым

"Бүгін күйеуім мені ойлануға мәжбүр ететін бір сөз айтты: "Байка, білесің бе, мен көтеріңкі дауыспен сөйлеуді, ұрысудың не екенін ұмытып қалдым" деп күлімсіреп тұрды. Мен қазір жатып алып ойлану үстіндемін. Мен де соңғы рет қашан ұрыстым? 

Кез келген жағдайды сабырлы күймен шешкен дұрыс. Мұны екі адам түсінген кезде тіпті жақсы. Мен отбасылық психолог емеспін, бірақ ақымақ та емеспін, сондықтан тыныш қалыпты тонда сөйлеуді жөн көрем. Тіпті ол адам қате сөйлеп тұрса да. Бұл сізді тезірек татуласуға және түсінуге алып келеді, кем дегенде жүйке жасушаларын сақтайды. Фотода біз ренжіп тұрған сияқтымыз, жоқ - тілек айту үшін кезек күтіп тұрмыз, сонымен бірге не айту керектігін ойлап та тұрған шығармыз?!", - деді ол Тұрсын Алагөзов екеуінің суретін жариялай отырып.

Бұған желідегі оқырмандары пікір жазуда.

"Иә, өте орынды айтылған әңгіме", "Сабырмен бәрін оң шешуге болады", "Екеуіңіздің алғашқы некелеріңіз жақсы тәжірибе болғанға ұқсайды", "Сіз үнемі сабырлы күйде жүретіндейсіз", - дейді олар.


Оқи отырыңыз: Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Талқылау