"Бавария" Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда
Фото:instagram.com/fckosice/
Мюнхеннің “Бавария” клубы “Қазақстан” мен семейлік “Елімай” клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Дереккөздердің хабарлауынша, Бундеслиганың гранд клубының скауттары Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы өткен матчта 22 жастағы футболшының ойынына жоғары баға берген.
Айта кетейік, бұл ойында Ғалымжан Кенжебек 2 рет гол соғып, дубль авторы атанған. Ал бір рет сәтті пас берген.
Сонымен қатар, оның осы ойындағы бір голы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турындағы үздік төрт голдың қатарына енген. Қазіргі таңда "Бавария" скауттары ойыншының мансабы мен әлеуетіне қатысты қосымша мәліметтер жинауға кіріскен көрінеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

