Бауыржан Омарбеков Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы "Казкоммерцбанк" АҚ менеджері болып бастады.
2006-2015 жылдар аралығында банк жүйесінде және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтерді атқарды.
2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды.
2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018-2021 жылдары Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
