Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда жетінші сынып оқушысы соққыға жығылған: Мектеп директорының орынбасары жазаланды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылындағы №1 мектепте оқушылардың бірінің соққыға жығылғанына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексерудің нәтижесі бойынша мектеп директорының орынбасары жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

мектек драка

Теректі облыстық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайынова баланың анасының шағымынан кейін арнайы комиссия құрылып, мектептің қызметі мен онда жүргізілетін тәрбие жұмыстарын зерттегенін жеткізді.

"Тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәрбие жұмысында қателіктер жібергені үшін мектеп директорының үш орынбасары ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қазір дау шешіліп, әрі қарайғы жұмыстың нақты жоспары құрылды. Аудандық білім бөлімі барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады", – деді Жанаргүл Хұсайынова.

Соққыға жығылған оқушының анасы Мейрамгүл Құбашева қазір ұлының жағдайы жақсарғанын, бірақ ол әлі мектепке оралмағанын атап өтті.



"Менің мектеп директоры Эльмира Өтепбергеновадан ала алмай жүрген ақым жоқ. Мен оған қайтадан барлығын жақсарта алатынын көрсетуі үшін тағы бір мүмкіндік бердім. Алайда мен алдағы уақытта да мектепте киім үлгісін және баланың оқуына қалай көңіл бөлсе оның тәрбиесіне де бірдей көңіл бөлу қажеттігін талап ететін боламын. Өзім де осы мектептің мұғалімі ретінде бұған өз үлесімді қосуға дайынмын", – деді Мейрамгүл Құбашева.

Еске сала отырайық, 11 қазан күні Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Мейрамгүл Құбашева №1 мектепте оқитын өзінің ұлының мектепте таяқ жегенін айтып, Facebook әлеуметтік желісінде пост жариялаған.

"Балам құлап, орнынан тұра алмады, дәрігерлер оған жабық бассүйек миының шайқалуы, мидың шайқалуы және беттің тері асты гематомасы диагнозын қойды, жағдайы орташа ауыр. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Көз жұма қарап келдім. Осы жолы жанды жеріме тиді. Осыған дейін мектептегі тәртіпсіздік туралы мектеп басшысына ескертіп айтып келдім", – деген ол өз жазбасында.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 21 Қазан, 2021 15:18
Талқылау