"Батыс Қазақстанда жас мұғалім өзіне қол жұмсаған": Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Батыс Қазақстан облысында өз-өзіне қол жұмсаған мұғалімге қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына білім басқармасының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген",- делінген хабарламада.
Мектеп директорының берген мәліметі бойынша, қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып аудандық ауруханаға түскен.
"16 қаңтарда денсаулығына байланысты мұғалім жұмысқа келмеді. Келесі күні таңертең мектеп директорына қайғылы оқиға туралы хабар түскен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізуде. Мектеп жұмысы, ұжымдағы ахуал тексерілетін болады. Осы уақытқа дейін ұстаздар атынан шағым түскен жоқ", - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Оқиға 17 қаңтар күні Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында болған. Жақындарының айтуынша оны мұндай қадамға әріптестері итермелеген болуы мүмкін. Назым Өмірзақова педагогикалық колледжді бітіріп, бірден ауыл мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Алайда келген күннен бастап басшылықпен қарым-қатынасы жақсы болмапты.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
