Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда тағы бір ұшқышсыз аппарат табылды: Полиция пікір білдірді

18 наурыз күні Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданында ұшқышсыз аппарат құлады. Хабарлама Атамекен ауылының тұрғындарынан келіп түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: uralskweek.kz

Аппарат құлаған жерге Оралдан әскери-инженерлік қызметкерлер жіберілді. 

“Нысанның ұзындығы 300 сантиметр. Оқиға орнына Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жетті. Сондай-ақ аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметкерлері аудан орталығы Тасқала кентіне аттанды”, – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 18 наурыз күні Тасқала ауданында табылған дронға қатысты пікір білдірді. 

Тасқала ауданынан ұшқышсыз аппаратқа ұқсас нысан табылған соң облыстық полиция уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру шараларына кірісті. 


Мұнай тасымалданатын Каспий құбыр консорциумының нысанына дрондар шабуыл жасады


“Нысан елді мекендерден алыс, шалғай аумақта құлап, бүтін күйде табылды. Аппаратта көзге көрінетін зақымдар жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін тура бір ай бұрын 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы ауданындағы Ұялы ауылында ұшқышсыз аппарат табылған еді. 

 

Талқылау