Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда скотчты 9 мың теңгеден сатып алмақ болғандар анықталды

Еріктілер "Бірыңғай сатып алу терезесі" жүйесінің мониторингі барысында кеңсе тауарларына сатып алу бағасын көтеру фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

скотч

Денсаулық сақтау ұйымы жалпы сомасы 4 500 000 теңгеге немесе бірлігіне 9000 теңгеге скотч сатып алуды жоспарлаған. Мұндай бір скотчтың орташа нарықтық құны 250-500 теңге екен.

“Волонтерлердің ұсыныс хат жолдауы арқылы 4 250 000 теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды. Бүгінде ақпарат жүйесі мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет қаражатын онлайн-режимде ұтымсыз пайдаланудың алдын алу жөніндегі пәрменді құрал екенін атап өту маңызды”, – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, биыл еріктілердің қырағылығының арқасында 37 250 000 теңге үнемделді.

Талқылау