Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған жігіт бес күннен бері табылмай жатыр

Бәйтерек ауданы, Рубежинское ауылының тұрғыны 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. Полиция аутизм диагнозы қойылған жігітке іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Mgorod.kz

Жоғалған күні Игорьдің үстінде қара футболка, ашық көк шорт, аяғына көк кроссовка киген. Оның бойы 180 сантиметр, арық келген. Шашы ақшыл, қысқа.



Игорь Исраиловты іздеуге полиция да жұмылдырылды. 

Еске салайық, аутизм дертіне шалдыққан бала 4 маусым күні ата-әжесінің үйінен шығып, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде баланың ауладан ішкиім мен жейдемен шыққан видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Араға бірнеше күн салып Кәрімнің денесі өзеннен табылды. 

Талқылау