Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында ер адам бір қолмен амандасқан ауылдасының жақ сүйегін сындырды

Батыс Қазақстан облысында ер адам ауылдасының екі қолмен емес, бір қолмен амандасқаны үшін оның жақ сүйегін сындырып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: GettyImages

@Halyqstan арнасының мәліметіне сенсек, оқиға Тасқала ауылында болған. Іс материалдарында сотталушы азық-түлікке бара жатқан көршісін жолда кездестірген. Ол екі қолын созып амандасқан, алайда көршісі тек бір қолын ұсынған.

Сотталушы мұны өзіне деген құрметсіздік ретінде қабылдап, ашуға беріліп, бір соққымен ауылдасының жақ сүйегін сындырған.

"Сот айыпталушыны бұзақылық ниетпен орташа дәрежедегі дене жарақатын қасақана келтірді деп танып, бір жыл алты ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген сот шешімінде.

Сонымен қатар алдағы бір айда ашушаң ауыл тұрғыны жәбірленушіге материалдық және моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуге тиіс.


"ҰҚК-нің экс-қызметкері екенін айтты": Белгілі қазақстандық әншіні көршісі ұрып-соққан (видео)


Еске салайық, бұған дейін Оралда ер адам көршісін қатты музыка қойғаны үшін ұрып тастағанын жазған едік. Оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді. Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 109-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы шешім шығарды.

Талқылау