Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 140 шақырым жол жөнделді

Батыс Қазақстан облысында “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы бойынша 350 шақырымнан астам жолды жөндеу жұмысы жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол жөндеу

Аталмыш автокөлік жолдарын жөндеу облыстың 94 елді мекенін қамтиды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірдің тас жолдары барлығы 5 мың шақырымды құрайды. Оның 39%-ы нормативті ережелерге сай, қалыпты жағдайда екені айтылды.

2022 жылдың қыркүйек айына дейін 140 шақырымнан астам жол жөнделді. Бұл құрылыс жұмыстарын 10 техникалық қадағалау ұйымының бақылауымен 12 мердігер мекеме атқаруда.

"Алға – Жалпақтал –Жұлдыз – Қарасу"және "Барбастау – Ақжайық – Индер" бағыттарындағы автомобиль жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. "Чапаев – Жанғалай – Сайқын" жол желісінің 267-337 шақырымын жөндеу де қамтылуы мүмкін” – делінген ведомоствасында.

Аталмыш жоспарды орындау үшін 28 мың битум керек. 18 асфальтбетон мен 2 бетон зауыты беріліп, 6 теміржол тұйығы қолжетімді болды.

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен құрылыс материалдары жол активтері сапасының ұлттық орталығы зертханасында арнайы сараптамадан өткізіледі. 2022жылы зертхана 80 нысанына тексеру-талдау жүргізіп, 60-тан астам заңбұзушылық анықтаған.

510 зертханалық сынамада бірқатар кемшіліктер айқындалды. 

Өңірдегі жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын 50%-ға дейін жақсарту көзделуде.

Талқылау