Бәстескен ер адам 40 жұмыртқа жеп көз жұмды
Үндістанның тұрғыны Субхаш Ядав жұмыртқаның көп мөлшерін жеу салдарынан 42 жасында көз жұмды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
42 жастағы ер адам досымен базарға барған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар дауды бәстесіп шешуге шешім қабылдады. Келісімге сәйкес, 50 жұмыртқаны жеген адамға екі мың рупий беру керек еді.
41-жұмыртқаны жегеннен кейін Ядав есінен танып қалды. Оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды, бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болды. Дәрігерлер өлімнің шамадан тыс тамақтанудан туындаған асқынулардың салдарынан болғанын анықтады.
Күнделікті екі жұмыртқа жеудің денсаулыққа 9 түрлі пайдасы бар
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр