Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспанаға деген қолжетімділік арта түсті: ЦентрКредит Банкі жаңа "#Ипотека" өнімін шығарды

ЦентрКредит Банкі жаңа әрі ыңғайлы шарттарға ие "#Ипотека" жаңа тұрғын үй заемын іске қосты. Енді банк клиенттері 100 млн теңгеге дейін ипотекалық несиені табыс көзін растамай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен үй сатып алуға рәсімдей алады. 

"Біздің жаңа ипотекалық өнім дайын тұрғын үйді де, үлескерлік құрылысты да қамтиды. Біз екеуінде де нарықтық бағаларды ұсынамыз, бірқатар шектеулер алынып тасталды. Клиенттің ипотекалық несиесі немесе сатып алынған баспанасы болуы мүмкін. Егер бастапқы жарнаның көлемі жоғары болса, онда кіріс көлем расталмай-ақ, өтініш қаралады. Банктің негізгі шарттары - талаптарға сәйкес жеткілікті төлем қабілеттілігі және өтімді кепілдікпен қамтамасыз ету", - деді ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы Галим Хусаинов.

Несиеге өтініш беру барысы да толығымен жеңілдетілген. Клиент елдің кез келген аймағында жылына 11% мөлшерлемемен (сыйақының жылдық тиімді коэффициенті 12,1%-дан бастап) 100 миллион теңгеге дейін "#Ипотека" рәсімдей алады. 15 жылға дейінгі мерзімге берілетін ипотеканың алғашқы төлемі 30%-дан басталады. 

"Біз сүйікті клиенттеріміз үшін барынша икемді әрі қолжетімді өнім дайындадық. Жайлы баспана - отбасылық өмірдің маңызды бөліктерінің бірі. Сол себепті де біз клиенттеріміздің мүмкіндіктерін шектемей, олар үшін ең қолайлы жағдай жасаймыз. Біз әрбір қазақстандықты құшақ жая қарсы алып, оларды баспаналы болуымен құттықтауға әзірміз", - деді Галим Хусаинов.

"#Ипотека" жайлы толығырақ ВСС.KZ сайтынан оқи аласыздар. 

Дидар Халық
Сәрсенбі, 28 Сәуір, 2021 10:31
Талқылау