Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа жолы жоқ": Жұманғарин коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру туралы айтты

коммуналдық төлемФото: Elements.envato.com

Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер құны неге көтеріле береді. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге осындай сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-премьердің айтуынша, "тарифтер құны оңай көтерілмейді".

"Айталық, егер Астана тұрғыны болсаңыз, табиғи монополиялардың кез келген субъектісі тарифтерді көтермес бұрын қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Сіз келіп, ақшаңыз неге жұмсалатынын сұрап, бүге-шүгесіне дейін миллиондаған сұрақ қоя аласыз. Тарифтің көтерілуі – бұл ең әуелі сіздің әмияндарыңыздан қосымша қаражат алу", – деді Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі бойынша семинар барысында.

Шенеунік процестің өзін "барынша ашық" деп атады және егер тарифтерді көтермесе, болашақта қазақстандықтар қазір алатын қызметтерді ала алмайтынын мәлімдеді.

"Жарайды, Астанада бәрі жаңа, енді салынған қала. Бірақ инфрақұрылымы 70-90% қатты тозған қалалар бар. Моноқалаларда тозу 100 пайызға дейін жетеді. Егер қыста құбыр жарылып кетсе немесе бір кездегі Екібастұздағы ЖЭО оқиғасы қайталанса, біз қиналып қаламыз. Қыста мұздаған батарея кімге керек? Басқа жолы жоқ", – деді Жұманғарин.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексіне қол қойған еді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 16:28
Талқылау