Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа жаққа алып барыңдар": Ақтөбеде дәрігерлер науқастарды қабылдаудан бас тартқан

Ақтөбеде теміржол ауруханасының дәрігерлері уақытымыз жоқ деп, науқастарды қабылдамай қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аурухана

Ақ халаттылардың бұл қылығы түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада медицина қызметкерінің тұрғынға дөрекі түрде жауап беріп, ем орталығына шығыңдар деп айтқаны аңғарылады. Ал науқастар болса аурухананың кіреберісінде жөтеліп жатқаны байқалады. 

"Дәрігерлердің қолы бос емес. Алып кетіңдер, басқа ауруханаға алып барыңдар", - дейді видеодағы дәрігер. 

Қазіргі таңда Ақтөбенің медицина орталығының (АМО) бас дәрігері Рүстем Исаев оқиға жайлы пікірі білдірді. "Диапазон" басылымына берген сұқбатында ол АМО-ға науқастар сағат 17:00-ге дейін, ал теміржол ауруханасына осы уақыттан ары қарай орналастырылатыны жайлы айтыпты. 

"Біздің дәрігерлер сағат 17:00-ге дейін пациенттерді қабылдайды. Ал теміржол ауруханасы науқастарды қабылдаудан бас тартқан. Оларда мамандар жетіспеуде. Ауру жұқтырғандардың саны 200-ден асып кетті", - дейді Исаев. 

Осы жағдайға байланысты науқастар АМО-ға жатықызылады деген шешім шығарылған. Бүгінгі күні ем қабылдау орталығы провизорлы госпиталь сияқты 24 сағат бойы жұмыс істеуде екен. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ситуация с коронавирусом в стране ухудшается - в больницах нехватка мест ⠀ В Казахстане эпидемиологическая ситуация резко ухудшается, поэтому в некоторых городах и регионах на эти выходные ввели строгий карантин. ⠀ Казахстанцы начали снимать фото и видео с больниц, демонстрируя нехватку мест и отказы врачей принимать больных. Некоторые медучреждения настолько переполнены, что пациенты лежат в коридорах или их вовсе отправляют домой.

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ауруханада науқастарға орын жетпей жатқандығы айтылған еді. 

Талқылау