AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басын кесіп, өртеп жіберген": Қостанайда күзетшілер ер адамды алты бас сарымсақ үшін өлтіріп тастады

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына алты бас сарымсақ ұрлады деген күдікпен ер адамды өлтіріп, бөлшектеп тастаған қостанайлық екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tobolinfo.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанайдағы "Краснопартизанское" бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің екі күзетшісі 35 жастағы Виктор Дьяченко мен 36 жастағы Андрей Мартыненко адам өлтірді деп күдіктелуде. 

Дьяченко мен Мартыненко 2021 жылдың 5 қыркүйегінде жұмыс орнында мас күйде болған. Жер телімі иелерінің бірі алты бас сарымсақ ұрланғаны туралы хабарлаған. 



Күзетшілердің "Краснопартизанскийдегі" жер телімінің иесі Кузов сарымсақ ұрлауы мүмкін деп күдіктенген. Ер адамдар арасында жанжал туындап, содан кейін күзетшілер ер адамды өлтіріп, қылмыстың ізін жасырмақ болған. Кузовойды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Сөйтіп, оның басын темір арамен кесіп, өртеп жіберді, денесін қарауыл үйдің ауласына көмеді.

Екі күннен кейін күдіктілер мәйітті қазып алып, Тобылға апарып, қамысқа батырып кеткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр