Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда пойыз ер адамның басын жұлып кетті

Теміржол рельстерінен өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, соқтығысу салдарынан ер адамның басы жұлынып кеткен. Марқұмның денесін өтіп бара жатқан адамдардың бірі тауып алған.

Оқиға Павлодардың шығыс өндірістік аймағындағы кәсіпорындардың бірінің теміржолында болды.

"Теміржол локомотивінің 60 жастағы жүргізушісі теміржол сызығынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында алған жарақаттардан қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем тобы шақырылғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде жеткен. Алайда дәрігерлер келген уақытта жәбірленуші қайтыс болған.

"Ер адамды жолдан өтіп бара жатқан адам тауып алды. Жедел жәрдем көлігі келген кезде басының жұлынып қалғанын көрдік" - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау бас қармасының баспасөз қызметі.

Талқылау