Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушылар мен студенттердің оқу форматына қатысты жаңа қаулы шықты

Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының "Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.

"Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін", – делінген құжатта.

Алайда барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт.

Сондай-ақ, Есмағамбетова санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды. Бас санитар қаулысының толық мәтіні мына жерде жарияланған.

8 ақпанда Коронавирус инфекциясыың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланған болатын.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 10 Ақпан, 2022 15:48
Талқылау