Бас прокуратура алдын ала толтырылған бюллетеньдер жайлы айтты
Бас прокуратура алдын ала толтырылған бюллетендер түсірілген видео жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желіде халықты шулату мақсатында неше түрлі жалған ақпараттар таралуда. Біз олардың әрқайсысын тексеріп отырмыз. Олардың бүгінгі сайлауға еш қатысы жоқ", - деді ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин.
Мәселен, WhatsApp желісінде алдын ала толтырылған бюллетендер түсірілген видео таралып кетіпті.
"Бұл өткен сайлауда Нұр-Сұлтан қаласында түсірілген видео болып шықты. Мұндай оқиға тек бір-ақ рет қана кездесті, кінәлілер жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Facebook желісінде Алмас Байқадамов есімді қолданушы Мәскеуде орын алған оқиғаның видеосын жариялаған. Оның жазбасына сенсек, бұл қазақстандық сайлау учаскесінде болған. Тексере келе бұл Ресейде таралған жазба екені анықталды", - деді бас прокуратура өкілі.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде сайлау учаскесінде орын алған заңбұзушылықтың видеосы таралған еді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
